Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 19/06/2018 - 16:56
    Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер Қоғамдық кеңесте талқыланды, Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер Қоғамдық кеңесте талқыланды, Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер Қоғамдық кеңесте талқыланды, Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер Қоғамдық кеңесте талқыланды
    Мазмұны:

    2018 жылдың 15 маусымында «Достық үйінде» облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

    Отырыс барысында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Нұрманов Қанат Жұмағамбетұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасап, заң жобасына енгізілген өзгерістерді, оның маңыздылығын тарқатып айтты.

    Көптің көңілінде жүрген бірқатар ұсыныс-тілектер жеткізіліп, оларды шешу жолдарын бірге қарастырды.

  • Дата публикации: 19/06/2018 - 09:56
    «Алға басу-движение вперед» қайырымдылық марафоны өткізілді, «Алға басу-движение вперед» қайырымдылық марафоны өткізілді, «Алға басу-движение вперед» қайырымдылық марафоны өткізілді
    Мазмұны:

    Мемлекеттік қызметші күніне орай ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың 16 маусымында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Алға басу-движение вперед» қайырымдылық марафоны өткізілді. 

    Қайырымдылық марафонының мақсаты балалар үйінің материалдық-техникалық жабдықталуына қажетті қаржыларды  жинау.

    Жарыс облыс орталығындағы «Достық үйінен» басталып, «Евразия» спорт кешенінің алдында мәреге жетеді.

    Аталған шараға басқармадан Мұсақызы Ақмарал, Амангелдиев Әлішер, СерікбаевАлмат қатысып, сертификаттармен марапатталды.

  • Дата публикации: 11/06/2018 - 15:55
    Түсіндірмелік кеңес Шиелі, Жаңақорған аудандарында жалғасын тапты, Түсіндірмелік кеңес Шиелі, Жаңақорған аудандарында жалғасын тапты, Түсіндірмелік кеңес Шиелі, Жаңақорған аудандарында жалғасын тапты, Түсіндірмелік кеңес Шиелі, Жаңақорған аудандарында жалғасын тапты, Түсіндірмелік кеңес Шиелі, Жаңақорған аудандарында жалғасын тапты
    Мазмұны:

    2018 жылдың 8 маусым күні Шиелі және Жаңақорған аудандарында облыстық жер қатынастары басқармасының үйлестіруімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «ҚР-ның Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы» тақырыбында түсіндірмелік кеңес өткізілді.

    Кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің орынбасары, департамент директоры және облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы жер қатынастары саласы аясындағы мәселелерге байланысты баяндамалар жасады.

    Кеңесте аудан әкімдігі, оның түрлі саладағы құрылымдық бөлімшелері, мәслихат депутаттары, ауылдық округ (кент) әкімдері, ұйымдар, шаруашылық басшылары және тағы басқа да қатысушылар болды.

    Жер қатынастары саласы аясындағы бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушылардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп және ұсыныстары қабылданды.

  • Дата публикации: 08/06/2018 - 13:14
    Жер кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірмелік кеңес өткізілді,
    Мазмұны:

    2018 жылдың 7 маусым күні сағат 16-00-де Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ғимаратында облыстық жер қатынастары басқармасының үйлестіруімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «ҚР-ның Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы» тақырыбында түсіндірмелік кеңес өткізілді.

    Кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің орынбасары, департамент директоры және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры жер қатынастары саласы аясындағы мәселелерге байланысты баяндамалар жасады.

    Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, жалға берілетін ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің жоғары (шекті) мөлшерін белгілеу, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу мәселелері айтылды.

    Сонымен қатар, жер қатынастары саласы аясындағы бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушылардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстары да қабылданды.

  • Дата публикации: 08/06/2018 - 12:57
    ҚР-ның Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы, , , ,
    Мазмұны:

    2018 жылдың 7 маусым күні сағат 11-00-де облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық жер қатынастары басқармасының үйлестіруімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «ҚР-ның Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы» тақырыбында түсіндірмелік кеңес өткізілді.

    Кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің орынбасары, департамент директоры және облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы жер қатынастары саласы аясындағы мәселелерге байланысты баяндамалар жасады.

    Кеңесте облыс пен аудан (қала) әкімдігі, оның түрлі саладағы құрылымдық бөлімшелері, ауылдық округ (кент) әкімдері, қоғамдық кеңес, ұйымдар, Мемлекеттік корпорация және тағы басқа да қатысушылар болды.

    Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, жалға берілетін ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің жоғары (шекті) мөлшерін белгілеу, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу мәселелері айтылды.

    Сонымен қатар, жер қатынастары саласы аясындағы бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушылардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстары да қабылданды.

  • Дата публикации: 06/06/2018 - 13:49
    2018 жылғы 7-8 маусым күндері мәжіліске шақыру
    Мазмұны:

        “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы №151-VІ Заңы

       Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты

    ҚРАШМ Жер ресурстарын басқару комитеті өкілдерімен

    кездесулер кестесі

    Ауданы

    кездесу мерзімі

    өткізілетін орны

    қатысушылар тізімі

    1

    Арал

    Қазалы

    Қармақшы

    Қызылорда қаласы

    7 маусым

    2018 жыл

    сағ 11 00

    Қызылорда қаласы,

    Облыстық әкімдік ғимараты, 2 қабат «Г» блок мәжіліс залы

    Аудан әкімінің салалық орынбасарлары,

    аудандық мәслихат депутаттары (аграрлық сектор),

    аудандық жер қатынастары бөлімдері,

    аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері,

    аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері,

    аудандық әділет департаменті бөлімдері,

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық  емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры  және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменті (аудандық бөлімшелер басшылары),

    ауылдық округтер (кент) әкімдері, ауылдық (кент) округтердің жер жөніндегі мамандары,

    кәсіпкерлер палатасы,

    шаруашылық басшылары,

    бұқаралық ақпарат құралдары

    2

    Шиелі

    Жалағаш

    Сырдария

    8 маусым

    2018 жыл

    сағ 11 00

    Шиелі кенті,

    аудандық мәдениет үйі

    3

    Жаңақорған 

    8 маусым

    2018 жыл

    сағ 16 00

    Жаңақорған кенті,

    аудан әкімдігінің ғимараты

    2018 жылдың 7 маусым күні облыс әкімдігінің (сағат 11-00-де) және  Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының (сағат 16-00-де) ғимараттарында облыстық жер қатынастары басқармасының үйлестіруімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «ҚР-ның Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы» тақырыбында түсіндірмелік кеңес өткізіледі.

       Кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің орынбасары мен департамент директоры, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры жер қатынастары саласы аясындағы мәселелерге байланысты баяндамалар жасайды.

    Кеңесте облыс пен аудан (қала) әкімдігі, оның түрлі саладағы құрылымдық бөлімшелері, ауылдық округ (кент) әкімдері, қоғамдық кеңес, ұйымдар, Мемлекеттік корпорация және тағы басқа да қатысушылар болады. Кеңесте:

    • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бимендина Гүлжахан Амангельдиевна «Жер заңнамасын жетілдіру үшін 2018 жылы 4 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы туралы» (хабарламада қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, жалға берілетін ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің жоғары (шекті) мөлшерін белгілеу, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу мәселелері айтылады) тақырыбында;
    • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің жер қатынастарын және жерге орналастыруды дамыту басқармасының басшысы Каржанова Жанар Кабдулсагатовна «Жер комиссиясының жұмысы туралы» (хабарламада жер заңнамасына енгізілген жер комиссиясының жұмысы, құзыреті, өкілеттігі, құрамы туралы айтылады) тақырыбында;
    • Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы «Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ақпараттық насихаттау жұмыстарының барысы туралы» (хабарламада жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша жүргізіліп жатқан насихаттау, оларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау мәселелері айтылады) тақырыбында;
    • Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы «Кәсіпкерлік үшін жер мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы» (хабарламада Палатамен кәсіпкерлерге жер рәсімдеу барысында  көмек көрсету шаралары, әкімшілік кедергілерді жою және т.б.) тақырыбында баяндамалар жасайды.

       2018 жылдың 8 маусым күні Шиелі ауданында (сағат 11-00-де) және Жаңақорған ауданында (сағат 16-00-де) облыстық жер қатынастары басқармасының үйлестіруімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «ҚР-ның Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы» тақырыбында түсіндірмелік кеңес өткізіледі.

             Кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің орынбасары мен департамент директоры жер қатынастары саласы аясындағы мәселелерге байланысты баяндамалар жасайды.

    Кеңесте аудан әкімдігі, оның түрлі саладағы құрылымдық бөлімшелері, ауылдық округ (кент) әкімдері, қоғамдық кеңес, ұйымдар, Мемлекеттік корпорация және тағы басқа да қатысушылар болады.

             Кеңесте:

    • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бимендина Гүлжахан Амангельдиевна «Жер заңнамасын жетілдіру үшін 2018 жылы 4 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы туралы» (хабарламада қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, жалға берілетін ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің жоғары (шекті) мөлшерін белгілеу, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу мәселелері айтылады) тақырыбында;
    • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің жер қатынастарын және жерге орналастыруды дамыту басқармасының басшысы Каржанова Жанар Кабдулсагатовна «Жер комиссиясының жұмысы туралы» (хабарламада жер заңнамасына енгізілген жер комиссиясының жұмысы, құзыреті, өкілеттігі, құрамы туралы айтылады) тақырыбында баяндамалар жасайды.

    Толық мәліметті келесі мекен-жайдан ала аласыздар: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 2 қабат, тел: 60-53-35.

    Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы

  • Дата публикации: 02/05/2018 - 23:06
     2017-2019 жылдары қолда бар жер қорына талдау жасау жұмыстарының барысы
    Мазмұны:

    2018 жылдың 24 сәуірінде Қызылорда облысынң жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойщыбаевтың басшылығымен облыстағы қолда бар жер қорына талдау жүргізу мақсатында құрылған облыстық жұмысшы тобының кезекті  отырысы өткізілді. Отырыста 2017-2019 жылдары қолда бар жер қорына (жерге құжаттамалық ревизия) талдау жасау жұмыстарының 2017 жылға қорытындысы және 2018 жылға жоспары талқыланды.

    2017 жылы – жер есебі (01.11.2017 ж жағдайына) бойынша жалпы көлемі 3327,9 мың га болатын 80746 учаскесіне талдау жасалынды. 

    Оның ішінде: ауыл шаруашылығы санаты бойынша 2638,2 мың га болатын 7581 жер учаскесіне (10 540 саяжайларды қоспағанда), елді мекен санаты бойынша 689,7 мың га болатын 73165 жер учаскесіне.

    Нәтижесінде ауыл шаруашылығы жерлерді ревизиялау жұмыстары толық аяқталып, 2017 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша әзірленген жылдық жер есебіне енгізілді.

    Елді мекен жерлері санаты бойынша 2017 жылы жер кадастрынан 69 326 учаске бойынша мәлімет беріліп, барлығы 72 678 учаске ревизияланды, нәтижесінде 13308 учаске (3,1 мың га) бойынша нақты жағдай мен құжаттамалық мәліметтерде айырмашылықтар анықталды, оның бүгінгі күнге орындалғаны 3821 учаске (0,5 мың га) 28 %. 

    Бекітілген графикке сәйкес 2018 жылы барлығы 398 мың га жерге талдау жасау жоспарланып отыр. Оның ішінде:

    • өнеркәсіп жерлері санаты – 179,0 мың га (796 жер пайдаланушы),
    • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері – 161,0 мың га (4 жер пайдаланушы),
    • аудан орталықтары, Қызылорда қаласы – 57,9 мың га (8 елді мекен).

    2018 жылға ревизиялау жұмыстарының жоспары бекітілген, орындалу мерзімі 2018 жылдың тамыз айы.

  • Дата публикации: 25/03/2018 - 23:15
    «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның жоғары дәлдікті спутниктік жүйесі ұсынатын қызметтерді барынша тиімді пайдалану
    Мазмұны:

    Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен және "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-ң вице-президенті А. Айымбетов (ұшқыш-ғарышкер, Халық қаhарманы) пен сала мамандарының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру және Жоғарыдәлдіктік жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымы жобаларының мүмкіндіктерін толық ұсыну мен "Смарт сити" жобасының мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында селекторлық режимде жиын өткізілді.

    Жиынға барлық аудан әкімдері, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары селекторлық байланыспен қатысты.

    Елбасының «Қазақстан-2050» Стартегиясы»-қалыптасқан жаңа мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз мүмкіндігін кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс» - делінген міндет қойған болатын.   

    Бүгінгі күні, біздер «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның жоғары дәлдікті спутниктік жүйесі ұсынатын қызметтерді барынша тиімді пайдалануымыз қажет. 

    Қазіргі уақытта, елімізде ғарыштық және навигациялық бақылау жүйелері белсенді түрде енгізілуде.

    Отандық ғарыштық түсірімдер мемлекеттік ұйымдардың, жеке кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың  қажеттіліктері үшін қолданылады.

    Ғарыштық қызметтің озық нәтижелерін іс жүзінде қолдану облыстың әртүрлі міндеттерін шешу кезінде жергілікті атқарушы органдарының салалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыруға және өңірдің өркендеуін еселеуге мүмкіндік береді.

    Жерді қашықтықтан зондтау деректері келесі мәселелерді шешуде  қолдануға болады:

    • өз бетімен иеленген жер телімдерін анықтау;
    • жерді аймақтарға бөлу жобасын жасауды ұйымдастыру бойынша көмектесу;
    • қатты тұрмыстық қалдықтардың мониторингі;
    • көп жылдық көшеттердің мониторингі;
    • жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық учаскелерінің мониторингі;
    • ауыл шаруашылық өндіріс мониторингі;
    • табиғи ресурстар мониторингі және жағдайын бағалау;
    • су тасқандары жағдайының мониторингі, қар қорын бағалау және т.б.  
    • облыстың жерлерді тиімді қолдану бойынша бағдарламалар, жобалар және схемаларды жүзеге асыруға көмектесу.
  • Дата публикации: 15/03/2018 - 16:21
    Облыстағы қолда бар жер қорына талдау жұмыстарының 2017 жылға қорытындысы
    Мазмұны:

    2018 жылдың 3 наурызында облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың басшылығымен облыстағы қолда бар жер қорына талдау жүргізу мақсатында құрылған облыстық жұмысшы тобының кезекті  отырысы өткізілді. Отырыста 2017-2019 жылдары қолда бар жер қорына (жерге құжаттамалық ревизия) талдау жасау жұмыстарының 2017 жылға қорытындысы және 2018 жылға жоспары талқыланды. Сонымен қатар, 2017-2019 жылдарға елді мекендер шекараларын белгілеудің Жол картасының орындалу барысы да атап өтілді.

    Жер ревизиясының бекітілген графигі (ҚР АШМ ЖРБК 15.03.2017 ж №10-НҚ бұйрығы) бойынша ревизиялау шаралары 2017-2019 жылдар аралығында 3 жылдық кезеңде жүргізіледі.

    2017 жылы – ауыл шаруашылығы санаты және елді мекендер жерлері санаты (3115,0 мың га);

     2018 жылы – өнеркәсіп, қорғаныс және өзге де жерлер санаты мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санаты (334,1 мың га);

    2019 жылы - орман қоры, су қоры және босалқы жерлер санаттары (20591,9 мың га).

    2017 жылға жоспарланған жүргізуге жататын жер ревизиясының көлемі жер есебінің (01.11.2016 ж жағдайына) мәліметтеріне сәйкес 2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсаты санаты бойынша - 2456,7 мың га болатын 16 421 учаске, елді мекен жерлер санаты бойынша- 658,3 мың га жерлер. 2017 жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы және елді мекендер жерлерін ревизиялау жұмыстары толығымен аяқталып, қорытындысы ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Республикалық жұмысшы тобына ұсынылды.

    Жұмыстың ауқымына байланысты және ревизиялауды сапалы жасау мақсатында 7 аудан орталықтары мен Қызылорда қаласы аумағын ревизиялауды 2018 жылы жүргізу жоспарланған.

    Бекітілген графикке сәйкес 2018 жылы барлығы 398 мың га жерге талдау жасау жоспарланып отыр. Оның ішінде:

    • өнеркәсіп жерлері санаты (179,0 мың га),
    • ерекше қорғалатын жерлер (161,0 мың га),
    • елді мекендер жерлерінің бір бөлігі (аудан орталықтары, Қызылорда қаласы – 58,0 мың га).
  • Дата публикации: 14/03/2018 - 18:15
    Халықаралық әйелдер күні мерекесі
    Мазмұны:

     «8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында Облыстық жер қатынастары басқармасында салтанатты жиналыс өткізілді. Жиын барысында басқарма басшысы ұжымдағы әйелдер қауымын құттықтады. Басқарма басшысы өңірдің бірқатар маңызды салалары әйелдер қауымының арқасында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, алғысын айтты.

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика