Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Басқарманың 2018 жылдың 3 тоқсанында халықпен жүргізілген жұмысы туралы мәлімет

2018 жылдың 9 айында басқармаға 37 өтініш жеке тұлғалардан және 19 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма тарапынан жеке тұлғалардың 37  өтінішіне түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, ал заңды тұлғалардың 1 өтініші қанағаттандырылып, қалған 36 өтінішке талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке және заңды тұлғалар өз мұқтаждары мен көзқарасын басқарма басшылығының жеке қабылдауында жеткізе алады.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүл Бедерқызына 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Басқарманың 2018 жылдың 1 жартыжылдығында халықпен жүргізілген жұмысы туралы мәлімет

2018 жылдың 1 жартыжылдығында басқармаға 24 өтініш жеке тұлғалардан және 17 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма тарапынан жеке тұлғалардың 24  өтінішіне түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, ал заңды тұлғалардың 1 өтініші қанағаттандырылып, қалған 16 өтінішке талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке және заңды тұлғалар өз мұқтаждары мен көзқарасын басқарма басшылығының жеке қабылдауында жеткізе алады.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүл Бедерқызына 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы  Жүктеу...23 КБ

Өтініштерді Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы жіберу


Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін. Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.


Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау

1. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi. 

2. Қабылдау белгiленген әрi жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткiзiлген күн мен сағатта жұмыс орны бойынша өткiзiлуге тиiс. 

3. Егер өтiнiштi лауазымды тұлға қабылдау кезiнде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтiнiш ретiнде жұмыс жүргiзiледi.


Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы басшылығының азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау кестесі

 

Қабылдау жүргізушінің аты, тегі

Атқаратын лауазымы

Қабылдау уақыты мен күні

Байланыс телефоны және мекен-жайы

Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы

Басқарма басшысы

бейсенбі,

сағат 16:00-18:00

Сұлтан Бейбарыс  көшесі, құрылыс 1

тел: 60-53-30

Нұрманов Қанат Жұмағамбетұлы                          

 

Басқарма басшысының орынбасары

жұма,

сағат 17:00-19:00

Сұлтан Бейбарыс  көшесі, құрылыс 1

тел: 60-53-31

 


Басқарманың 2018 жылдың 3 айында жүргізілген халықпен жұмысының  мәліметі

2018 жылдың 3 айында басқармаға  8 өтініш жеке тұлғалардан және 9 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 16 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жеке және заңды тұлғалар өз мұқтаждары мен көзқарасын басқарма басшылығының жеке қабылдауында жеткізе алады. Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүл Бедерқызына 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады


Басқарманың 2017 жылға арналған

халықпен жұмысы туралы  мәліметі

 

2017 жылы басқармаға  27 өтініш жеке тұлғалардан және 20 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 19 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың 04 қаңтарында сағат 11:00-де Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасымен «2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары және алдағы міндеттер туралы» тақырыбында Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде баспасөз құралдары өкілдеріне арналған брифингі өткізілді.

2017 жылдың 9 наурыз күні сағат 15:00 де Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, Қызылорда облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Нұрымбетов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басышысы Б.Жаханов «Қоғам ТВ» телеарнасының «Көзбе-көз» бағдарламасында сұхбат берді.

2017 жылдың 13 сәуір күні сағат 12:00-де Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын негізгі басымдықтар» тақырыбында «Облыстық мекемелер үйінде» (Қызылорда облысының әкімдігі, І қабат),  баспасөз құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

2017 жылдың 11 тамызында Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасымен «Жер қатынастары саласы бойынша басқармамен 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған брифингі өткізілді.

2017 жылдың 12 қазанында басқарма басшысының орынбасары Нұрманов Қанат Жұмағамбетұлы Қазақстан Қызылорда телеарнасының "Жаңа күн" бағдарламасында сұхбат берді.

2017 жылдың 18 қазанында Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы бұқаралық ақпарат өкілдеріне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізді.

Жеке және заңды тұлғалар өз мұқтаждары мен көзқарасын басқарма басшылығының жеке қабылдауында жеткізе алады. Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүл Бедерқызына 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Басқарманың 2017 жылдың III-тоқсанына арналған

халықпен жұмысы туралы  мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға  20 өтініш жеке тұлғалардан және 14 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 10 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың 11 тамызында Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасымен «Жер қатынастары саласы бойынша басқармамен 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған брифингі өткізілді.

Жеке және заңды тұлғалар өз мұқтаждары мен көзқарасын басқарма басшылығының жеке қабылдауында жеткізе алады. Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүл Бедерқызына 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Басқарманың 2017 жылдың II-тоқсанына арналған

халықпен жұмысы туралы  мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға  11 өтініш жеке тұлғалардан және 10 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 10 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовпен бекітілген «Жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында облыста қолда бар жер қорына талдау жүргізу шаралары атқарылуда (жерге құжаттамалық ревизия).

Барлық аудандар мен Қызылорда қаласында облыстық жер қатынастары басқармасымен жер қорын ревизиялаудың тәртібі, есеп жүргізу, құжаттарды әзірлеу шаралары түсіндірілді.

2017 жылғы 28 сәуір – 5 мамыр аралығында бұл шаралар Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында жүргізіліп, ал 24-26 мамыр аралығында Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында жалғасын тапты.

Жеке және заңды тұлғалар өз мұқтаждары мен көзқарасын басқарма басшылығының жеке қабылдауында жеткізе алады. Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Тұрғанова Айгүл Бедерқызына 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Басқарманың 2017 жылдың I-тоқсанына арналған

халықпен жұмысы туралы  мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға  3 өтініш жеке тұлғалардан және 6 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 5 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың 2 ақпанында Қоғамдық кеңес отырысында жер саласына жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың қатысуымен «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы және тұрғын үй құрылысын салуға арналған жер бөлу мәселелері» жөнінде есеп берілді.

2017 жылдың 20 ақпанында Қызылорда облысының жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Қ.Нұрманов «Қызылорда облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы» мәселені кезекті сессиясына (2017 жылғы ақпан-наурыз айлары) әзірлеу бойынша құрылған уақытша комиссияның өкілдерімен Шиелі және Жаңақорған аудандарына іс-сапарға шықты.

Кездесуде Жаңақорған және Шиелі аудандарының проблемалық мәселелері және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қабылданған заң жобасын шаруашылық басшылары мен ауылдық округ әкімдерімен талқыланып түсіндірілді.

2017 жылдың 22 ақпанында Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев «Қызылорда облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы» мәселені кезекті сессиясына әзірлеу бойынша құрылған уақытша комиссияның өкілдерімен Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарына іс-сапарға шықты.

Кездесуде аталған аудандардың проблемалық мәселелері және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қабылданған заң жобасын шаруашылық басшылары мен ауылдық округ әкімдерімен талқыланып түсіндірілді.

2017 жылдың 24 ақпанында Қызылорда облысының жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Қ.Нұрманов ақпарттық насихаттық топ құрамында Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында Жаңақорған ауданының Сунақата, Сүттіқұдық және Төменарық ауылдық округтарына іс-сапарға шықты.

Жеке және заңды тұлғалар өз мұқтаждары мен көзқарасын басқарма басшылығының жеке қабылдауында жеткізе алады. Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Тұрганова Айгүл Бедерқызына 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Басқарманың 2016 жылға арналған

халықпен жұмысы туралы  мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға  40 өтініш жеке тұлғалардан және 47 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 25 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды сенаторлармен бірге басқарма басшысы аймақтарда түсіндіру мен насихаттау мақсатында 2016 жылдың 4-5 мамыр аралығында Қармақшы ауданының Ақтөбе, Жаңажол ауылдық округтеріне, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында халықпен кездесулер ұйымдастырылды.

Жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждары мен көзқарасын бiлдiргісі келген жағдайда басқарма басшылығы жеке мәселелермен қабылдайтындығы және «сенім телефоны» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қабылдау кестесі «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының 1 қабатының көрнекі жеріне ілінген.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүлге 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Басқарманың 2016 жылдың III-тоқсанына арналған

халықпен жұмысы туралы  мәліметі

 

Жер заңдылықтарын түсіндіру шараларын жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап облысымызда «Жер реформасы мәселелері бойынша Call- орталығы» ашылып, жұмыс жасауда.

Бүгінгі күнге дейін басқармаға  34 өтініш жеке тұлғалардан және 43 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 25 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды сенаторлармен бірге басқарма басшысы аймақтарда түсіндіру мен насихаттау мақсатында 2016 жылдың 4-5 мамыр аралығында Қармақшы ауданының Ақтөбе, Жаңажол ауылдық округтеріне, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында халықпен кездесулер ұйымдастырылды.

Жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждары мен көзқарасын бiлдiргісі келген жағдайда басқарма басшылығы жеке мәселелермен қабылдайтындығы және «сенім телефоны» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қабылдау кестесі «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының 1 қабатының көрнекі жеріне ілінген.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүлге 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Басқарманың 2016 жылдың II-тоқсанына арналған

халықпен жұмысы туралы  мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға  26 өтініш жеке тұлғалардан және 36 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 20 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждары мен көзқарасын бiлдiргісі келген жағдайда басқарма басшылығы жеке мәселелермен қабылдайтындығы және «сенім телефоны» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қабылдау кестесі «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының 1 қабатының көрнекі жеріне ілінген.

Бұл туралы ақпараттар басқарма басшысының облыс әкімдігінің веб-порталындағы жеке блогына да орналастырылған.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүлге 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Басқарманың 2016 жылдың I-тоқсанына арналған

халықпен жұмысы туралы  мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға  14 өтініш жеке тұлғалардан және 16 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 3 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждары мен көзқарасын бiлдiргісі келген жағдайда басқарма басшылығы жеке мәселелермен қабылдайтындығы және «сенім телефоны» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қабылдау кестесі «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының 1 қабатының көрнекі жеріне ілінген.

Бұл туралы ақпараттар басқарма басшысының облыс әкімдігінің веб-порталындағы жеке блогына да орналастырылған.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүлге 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының 2015 жылға арналған

халықпен жұмысы туралы қорытынды мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға 68 өтініш жеке тұлғалардан және 142 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшыларының жеке қабылдауында 31 жеке және заңды тұлға өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждары мен көзқарасын бiлдiргісі келген жағдайда басқарма басшылығы жеке мәселелермен қабылдайтындығы және «сенім телефоны» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қабылдау кестесі «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының 1 қабатының көрнекі жеріне ілінген.

Бұл туралы ақпараттар басқарма басшысының облыс әкімдігінің веб-порталындағы жеке блогына да орналастырылған.

Лауазымды адамдардың жоғары жауапкершілiгi мен дер кезiнде ден қою қағидаттарына негiзделген азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың нәтижелілігін оңтайландыру мақсатында мекеменің қабылдау кеңсесі кабинетінде «Азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қабылдау» жәшігі орнатылған.

Биылғы жылы да азаматтардың (заңды тұлғалардың) өтініштерін қарау кезінде сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу мақсатында салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарымен келісе отырып жергілікті жерлерге (аудандарға) шығу кестесі бекітіліп, оның шеңберінде азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаулар ұйымдастырылуда.

Бұл жұмыстарды «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының облыстық филиалымен де бірлесе атқарудамыз, яғни әр аптаның бейсенбі  күні филиал ғимаратында жеке қабылдаулар іске асырылуда. 

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүлге 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының 2015 жылдың ІII-тоқсанына мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға 63 өтініш жеке тұлғалардан және 109 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшысының жеке қабылдауында 28 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүлге 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы туралы 2015 жылдың ІI-тоқсанына мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға 48 өтініш жеке тұлғалардан және 81 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшысының жеке қабылдауында жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүлге 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы туралы 2015 жылдың І-тоқсанына мәліметі

 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға 25 өтініш жеке тұлғалардан және 37 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың барлық арыз-шағымдары бақылауға алынып, мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар басқарма басшысының жеке қабылдауында жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданып, оларға талапқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Егер, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер мәселесі жөнінде түсінбеушіліктер болған жағдайда облыстық жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Турганова Айгүлге 8(7242) 60-53-35 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Халықпен жұмыс

 

ҚР Жер Кодексінің 43-бабында жер учаскесiне құқықты табыстау тәртiбi нақты көрсетілген. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар - жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң болуы, егер болған жағдайда көрсетiлуге тиiс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.

   43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi

1. Осы Кодекстің 44, 44-1 және 45-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi:

    1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;

    2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;

    3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);

    4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;

    5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;

    6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;

     7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;

     8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;

     9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.

1-1. Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесіне құқық беру тәртібі осы Кодекстің 44-1-бабымен реттеледі. Нысаналы мақсатына қарай жер учаскелерін беру ерекшеліктері осы Кодекстің 44 және 45-баптарына сәйкес айқындалады.

2. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.

Жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiм комиссияның қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде қабылданады. Жер учаскесін беруден бас тарту уәжделген болуға тиіс.

Комиссияны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органының депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар болған кезде) өкілдері қатарынан құрады.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейiнде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдардың тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi де мiндеттi түрде енгiзiледi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн. Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады. Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде комиссия қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады. Жер учаскесін беруден бас тарту уәжделген болуға тиіс. Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесiн алдын ала таңдауды ұсыну (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде) мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды уәкілетті орган комиссияға берген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде екi данада хаттамалық шешiм нысанында жасалады. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге жіберіледі.

3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.

Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде келіп түседі. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.

Егер өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінішті қараудан бас тартуды жазбаша түрде береді.

Көрсетілген мерзiмге:

      осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;

      осы Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген келісу;

      жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.

4. Жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органы және тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды. Сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

6. Осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық беруден бас тарту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен ресiмделедi және оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге тиіс, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге комиссия қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырылуға тиiс. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның тиiстi қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі). Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде қабылданады. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, сол шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады. Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады. Жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

8. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi және сол жер учаскелерiн жалдау құқығы осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiлерi болуы мүмкiн.

9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар беретін мынадай құжаттар:

      жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;

      тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;

      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде – уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;

      уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.

Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі. Жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.

10. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

11. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды. Осы Кодекске сәйкес мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.

12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк тәртiбiмен алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға беріледі. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.

13. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.

14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыруға міндетті.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 18-10-2018 15:17

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика