Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Жалпы мәліметтер

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша функцияларын орындауға уәкілеттілік алған, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. 

Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпте басқарма Ережесіне сәйкес төмендегі функцияларды атқарады:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбырлар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 08 қаңтардағы сәйкес Заңына инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау («Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексiнің (бұдан әрі -Жер кодексі) 14-1-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы);
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасы);  
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасы);
3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 2-1) тармақшасы);
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы);
5) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту (Жер кодексінің 14-1-бабы  1-тармағы 4) тармақшасы);
6) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 5) тармақшасы);
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 6) тармақшасы);
8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 7) тармақшасы);
9) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы);
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 9) тармақшасы);
11) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 10) тармақшасы);
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 11) тармақшасы);
13) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы);
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау (Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы);
15) алынып тасталды; 
16) жерді жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастыру, қамтамасыз ету және бекіту («Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысымен бекітілген жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесiнің 3-тармағы);
17) жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастыру және бекіту («Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысымен бекітілген жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесiнің 3-тармағы);
18) тиісті уәкілетті органдармен келiсiлген тозған, ластанған және бүлiнген жердi, сондай-ақ, карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердi одан әрi пайдалану (арнаулы мақсатын өзгерту; пайдаланудың арнайы режимiн белгiлеу; жердi сақтап қою; шаруашылық айналымнан толық шығару) туралы шешiмнiң жобасын дайындау және оны облыстық атқарушы органның бекiтуiне енгiзу («Жерді сақтап қою ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысымен бекітілген жерді сақтап қою ережесiнің 10-тармағы);
19) мемлекеттік орман қоры жерлерін мемлекет мұқтажы үшін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту («Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы1 тамыздағы № 1015 қаулысымен бекітілген орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларының10-тармағы);
20) басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру («Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексiнің 144-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы);
21) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қолданады («Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - ҚБПТ заңы) 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы);
22) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету (ҚБПТ заңының 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасы);
22-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау (Жер қодексінің 14-1-бабы 1-тармағы 14-1)тармақшасы);
23) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағы).
 
Пошта индексі: 120003

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1, Облыстық мекемелер үйі 203 кабинет

Тел: +7 (7242) 60-53-30, 60-53-32

Факс: +7 (7242) 60-53-32

Сенім телефоны: +7 (7242) 60-53-32, 60-53-35

Электрондық пошта: zh.uzo_kzo@korda.gov.kz

Өкілеттілікті, міндеттерді және функцияларды анықтайтын заңдар, нормативтік актілер Жүктеу...2.85 MБ

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 08-10-2017 17:11

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика