Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасымен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жер учаскелерін рәсімдеу бойынша жеңілдетілген және оңтайландырылған регламенттер әзірленіп, облыс әкімдігімен бекітілді.

1-файл Жүктеу.....8,6Мб

2-файл Жүктеу.....6,9Мб

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2018 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

Қызылорда облысының әкімшілік аумағы 24,0 млн. га, оның ішінде 2,2 млн. га Қарағанды облысының жерлерінен Қызылорда облысымен ұзақ мерзімді пайдаланудағы жерлер.

Облыстың жер қорының санаттар бойынша бөлінуі

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 2639,2 мың га;
  • елді мекен жерлері – 689,7 мың га;
  • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 179 мың га;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 161,0 мың га;
  • орман қорының жерi - 6506,7 мың га;
  • су қорының жерi – 2243 мың га;
  • босалқы жер – 11622,8 мың га.

Осы жер ішінде жер иеленушілерге табысталып, ауыл шаруашылығында пайдаланылып отырғаны – 2639,2 мың гектар.

Оның ішінде егістік жерлер 162,1 мың гектар, көп жылдық екпелер 0,6 мың гектар, тыңайған жерлер 36,1 мың гектар, шабындық жерлер 38,6 мың гектар, жайылымдар 1873,9 мың гектар, бақшалық жерлер 6,6 мың, басқада жерлер 521,3 мың гектар.

Жер пайдаланушылардың саны 5000, оның ішінде 4600 шаруа қожалығы және 400-і заңды тұлғалар жұмыс жасауда.

 Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2018 жылдың 3 айында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 16 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 6 қаулысы қабылданып, жалпы көлемі 518165,3 мың гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы барлығы 11 шарт жасалды.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша

2012-2016 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мың гектарды құрайтын 1494 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде:

2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар),

2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар),

2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар), 2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі, 2016 жылы -  79,7 мың гектар болатын 364  жер учаскесі айналымға алынды.

2017 жылы  80,0 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, нәтижесінде 83 мың гектар болатын 283  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

2018 жылға облыс бойынша барлығы 80,0 мың гектар жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына алу жоспарланып, бүгінгі күнге 64 жер учаскесі болатын 9,9 мың гектар жерлер айналымға енгізілді, жұмыстар жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың гектар (505 учаске) жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га. жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жерлердің пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 94,2 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, 37,2 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, 1,0 мың гектар жерлердің меншік иесі табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде есепке алынды, қалған 0,2 мың гектар бойынша жер иелерінен заңдылыққа сәйкес мемлекеттке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 123347 құрайды, оның 30395 өтініші қанағаттандырылды, қалған 90831 (Арал 4716, Қазалы 7291, Қармақшы 6342, Жалағаш 2409, Сырдария 1008, Шиелі 6643, Жаңақорған 4399, Қызылорда қ. 58023) өтініш арнайы кезекке қойылған.

Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

Басқармамен барлығы 10 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2018 жылдың 3 айында жалпы 11 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 6;
  • елді мекен шегінде объект салу үшін үшін жер учаскесін беру бойынша  – 2,
  • іздестіру жұмыстарын жүргізу  үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша – 3.

Қалған қызметтер бойынша өтініш келіп түскен жоқ.

2017 жылы жүргізілген жер ревизиясы бойынша

Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі тапсырмасына және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі бекіткен «Жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес облыс әкімдеріне қолда бар жер қорына талдау жүргізу (бұдан әрі-жер ревизиясы) тапсырылды.

Бекітілген график (ҚР АШМ ЖРБК 15.03.2017 ж №10-НҚ бұйрығы) бойынша Ревизиялау шаралары 2017-2019 жылдар аралығында 3 жылдық кезеңде жүргізіледі.

  • 2017 жылы – ауыл шаруашылығы санаты және елді мекендер жерлері санаты (3115,0 мың га);
  •  2018 жылы – өнеркәсіп, қорғаныс және өзге де жерлер санаты мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санаты (334,1 мың га);
  • 2019 жылы - орман қоры, су қоры және босалқы жерлер санаттары (20591,9 мың га).

Тапсырмаға сәйкес, облыс әкімінің 28.03.2017 жылғы №518-Ө өкімімен «Облыстағы қолда бар жер қорын түгендеу жөніндегі жұмысшы топ» облыстық жұмысшы топ, аудан әкімдерінің өкімдерімен аудандық (қалалық) жұмысшы топтар құрылып, 2017 жыл көлемінде облыстық жұмыс тобының аудандық топтармен бірлескен 2 отырысы (№05/1-7/2587 21.04.2017 жыл, №05/1-7/4091 23.06.2017 жыл), облыстық жұмысшы топтың жұмысшы органы – Қызылорда облысының  жер қатынастары басқармасында 1 отырысы (20.07.2017 жыл) сондай-ақ, түгендеу барысы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде 2 мәрте қаралып (№10-12/6059 25.09.2017жылғы, №10-05/8210 11.12.2017 жылғы) тиісті шаралар атқарылды. 2017 жылға жоспарланған жүргізуге жататын жер ревизиясының көлемі жер есебінің (01.11.2016 ж жағдайына) мәліметтеріне сәйкес 2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсаты санаты бойынша - 2456,7 мың га болатын 16 421 учаске, елді мекен жерлер санаты бойынша- 658,3 мың га жерлер.

2017 жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы және елді мекендер жерлерін ревизиялау жұмыстары толығымен аяқталып, қорытындысы ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Республикалық жұмысшы тобына ұсынылып, ескертусіз қабылданды. Жұмыстың ауқымына байланысты және ревизиялауды сапалы жасау мақсатында 7 аудан орталықтары мен Қызылорда қаласы аумағын ревизиялауды 2018 жылы жүргізу жоспарланған.

Елді мекендер шекараларын белгілеу бойынша

2017 жылдың 25 мамырында «Қызылорда облысының елді мекендерінің шекараларын белгілеу жұмыстарын жүргізудің 2017-2019 жылдарға арналған жол картасы», оны іске асырудың іс-шаралар жоспары бекітілген. Жол картасына сәйкес 146 елді мекеннің шекарасын белгілеу жоспарланған.

Жол картасын іске асырудың сметасы анықталды, қажет қаржы - 160,0 млн. теңге. 

Жол картасының іске асырылуы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауына алынған, орындалу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсаны.

 Елді мекендер шекараларын өзгертудің 2017-2019 жылдарға жоспары

Аудан (қала) атауы

елді мекен саны

жылдар

2017 ж шекарасы бекітілгені

2018 ж жоспарланғаны

2018 ж қаржы бөлінгені

қалғаны

1

Арал ауданы

26

2

7

7

17

2

Қазалы ауданы

12

7

5

5

3

Қармақшы ауданы

12

12

11

1

4

Жалағаш ауданы

8

8

5

Сырдария ауданы

13

13

6

Шиелі ауданы

33

33

6

27

7

Жаңақорған ауданы

32

32

32

8

Қызылорда қаласы

10

10

10

Байқоңыр қаласы

1

1

1

Барлығы

146

30

100

29

88

Соңғы 2011-2017 жылдар аралығында 42 елді мекен (Қызылорда қаласы және 7 аудан орталықтары, 34 ауылдық елді мекен) шекаралары олардың қайта бекітілген қала құрылысы құжаттамаларының негізінде өзгертіліп бекітілген.

2017 жылы 17 елді мекеннің шекараларын белгілеуге аудандық бюджеттерден 17,7 млн. теңге бөлініп (Арал, Жалағаш, Қазалы аудандары),жерге орналастыруды жобалау жұмыстары жүргізілді.

Қалған елді мекендердің шекарасын (шегін) белгілеу жұмыстарын жүргізуге қаржы ағымдағы жылдың сәуір айында өткелі отырған жергілікті мәслихаттың сессиясында бөлу жоспарлануда.

Ресей Федерациясының жал құрамындағы жер учаскелеріне қатысты

Ресей Федерациясы Қызылорда облысының аумағынан Байқоңыр кешенін пайдалану үшін жалпы көлемі 650,2 мың гектар жер учаскелерін жалға алып отыр. (Оның ішінде: Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жерлері 5,5 мың га, Роскосмос мемкорпорациясының жерлері 644,7 мың га).

2015-2017 жылдар аралығында жүргізілген жұмыстар нәтижесімен Ресей Федерациясының жал құрамынан жалпы көлемі 11,6 мың гектар жер учаскелері қайтарылды.

Бұдан бөлек жал құрамынан қосымша жалпы көлемі 3459,0 гектарды шығаруға жұмыс жасалуда.

1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге сәйкес Қызылорда облысы, Арал ауданы аумағынан 110,0 мың гектар жер учаскесі «Сарышаған»  сынақ полигоны үшін Ресей Федерациясына жалға берілген.

Ресейдің 03080 әскери бөлімі өкілінің қатысуымен 2017 жылдың қараша айында «Сарышаған» полигонының бір бөлігін қайтару (алыс-беріс жасау) мақсатында қайтарылатын жер учаскесіне далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесімен Ресей Федерациясы тарапынан БЕ-БҚ автожолы орналасқан аумақтан алдын ала келісімге сәйкес жалпы көлемі 58,0 мың гектар жер учаскесін қайтару келісілді.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 03080 әскери бөлімімен алыс-беріс актісін рәсімдеу, келісу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2017 жылы атқарылған жұмыстардың есебі

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2017 жылы жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 122 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 46 қаулысы қабылданып, жалпы көлемі 43241,21 мың гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы барлығы 205 шарт жасалды.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша

2012-2016 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мың гектарды құрайтын 1494 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде:

2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар),

2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар),

2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар),

2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі айналымға алынды.

2016 жылға жалпы көлемі 79,0 мың гектарды құрайтын 451 жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, нәтижесінде 79,7мың гектар болатын 364  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

2017 жылға  80,0 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 83 мың гектар болатын 283  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар (884 учаске) анықталды, оның 271,7 мың гектар (678 учаске) мемлекетке қайтарылды, 31,8 мың гектар (181 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар (25 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жүмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың гектар (505 учаске) жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га. жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 94,2 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 35,6 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, 1,0 мың гектар жерлердің меншік иесі табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде есепке алынды, қалған 1,8 мың гектар бойынша жер иелерінен заңдылыққа сәйкес мемлекеттке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 122448 құрайды, оның 30124 өтініші қанағаттандырылды, қалған 92318 (Арал 4572, Қазалы 6939, Қармақшы 6221, Жалағаш 2363, Сырдария 1008, Шиелі 6570, Жаңақорған 4399, Қызылорда қ. 60246) өтініш арнайы кезекке қойылған.

Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

Басқармамен барлығы 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2017 жылы жалпы 105 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

 жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 52;

елді мекен шегінде объект салу үшін үшін жер учаскесін беру бойынша  – 3,

іздестіру жұмыстарын жүргізу  үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша – 6,

мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту бойынша – 1,

сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 43.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2017 жылдың III – тоқсанында  атқарылған жұмыстардың есебі

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2017 жылдың 9 айында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 88 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 24 қаулысы қабылданып, жалпы көлемі 36235,41 мың гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы барлығы 59 шарт жасалды.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша

2012-2016 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мың гектарды құрайтын 1494 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде:

2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар),

2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар),

2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар),

2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі айналымға алынды.

2016 жылға жалпы көлемі 79,0 мың гектарды құрайтын 451 жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, нәтижесінде 79,7мың гектар болатын 364  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

2017 жылға  80,0 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 45,5 мың гектар болатын 218  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар (884 учаске) анықталды, оның 271,7 мың гектар (678 учаске) мемлекетке қайтарылды, 31,8 мың гектар (181 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар (25 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жүмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың гектар (505 учаске) жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га. жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 93,7 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 35,6 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, 1,0 мың гектар жерлердің меншік иесі табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде есепке алынды, қалған 2,3 мың гектар бойынша жер иелерінен заңдылыққа сәйкес мемлекеттке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 117673 құрайды, оның 29412 өтініші қанағаттандырылды, қалған 88261 (Арал 4488, Қазалы 6623, Қармақшы 6179, Жалағаш 2310, Сырдария 900, Шиелі 6594, Жаңақорған 4208, Қызылорда қ. 56959) өтініш арнайы кезекке қойылған.

Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

Басқармамен барлығы 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2017 жылдың III-тоқсанына жалпы 72 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 30;

елді мекен шегінде объект салу үшін үшін жер учаскесін беру бойынша  – 3,

іздестіру жұмыстарын жүргізу  үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша – 5,

мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту бойынша – 1,

сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 33.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2017 жылдың II - тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша

2012-2016 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мың гектарды құрайтын 1494 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде: 2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар), 2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар), 2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар), 2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі айналымға алынды.

2016 жылға жалпы көлемі 79,0 мың гектарды құрайтын 451 жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, нәтижесінде 79,7 мың гектар болатын 364  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

2017 жылға  80,0 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 16,1 мың гектар болатын 71  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар (884 учаске) анықталды, оның 271,7 мың гектар (678 учаске) мемлекетке қайтарылды, 31,8 мың гектар (181 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар (25 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жүмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың гектар (505 учаске) жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га. жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 93,7 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 35,6 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, 1,0 мың гектар жерлердің меншік иесі табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде есепке алынды, қалған 2,3 мың гектар бойынша жер иелерінен заңдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 112526 құрайды, оның 27667 өтініші қанағаттандырылды, қалған 84952 (Арал 4378, Қазалы 6376, Қармақшы 5799, Жалағаш 2250, Сырдария 900, Шиелі 6609, Жаңақорған 3912, Қызылорда қ. 54728) өтініш арнайы кезекке қойылған.

2017 жылы жалпы облыс бойынша 8139 жер телімін табыстау жоспарлануда, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша – 4491 учаске, аудандарда – 3648 учаске.

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2017 жылдың II - тоқсанында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 57 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 16 қаулысы қабылданып, жалпы көлемі 494428,2 гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы барлығы 47 шарттар жасалды.

Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

Басқармамен барлығы 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2017 жылдың II-тоқсанына жалпы 47 қызмет көрсетілді, оның ішінде 21 – жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, 2 – елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, 3 – іздестіру жұмыстарын жүргізу  үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, 20 - сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, 1- мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту бойынша.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2017 жылдың I - тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2017 жылдың I - тоқсанында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 11 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 10 қаулысы қабылданып, жалпы көлемі 905,3 гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы барлығы 88 шарт жасалды.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша

2012-2016 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мың гектарды құрайтын 1494 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде: 2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар), 2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар), 2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар), 2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі айналымға алынды.

2016 жылға жалпы көлемі 79,0 мың гектарды құрайтын 451 жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 79,7 мың гектар болатын 364  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

2017 жылға  80,0 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 5,3 мың гектар болатын 35  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар (884 учаске) анықталды, оның 271,7 мың гектары (678 учаске) мемлекетке қайтарылды, 31,8 мың гектар (181 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар (25 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың гектар (505 учаске) жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га. жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 271,8 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 34,6 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, 1,0 мың гектар жерлердің меншік иесі табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде есепке алынды, қалған 3,8 мың гектар бойынша жер иелерінен заңдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 110526 құрайды, оның 27477 өтініші қанағаттандырылды, қалған 83049 (Арал-4243, Қазалы-6094, Қармақшы-5824, Жалағаш-2161, Сырдария-807, Шиелі-7327, Жаңақорған-3390, Қызылорда қ.-53203) өтініш арнайы кезекке қойылған.

2017 жылы жалпы облыс бойынша 8139 жер телімін табыстау жоспарлануда, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша – 4491 учаске, аудандарда – 3648 учаске.

Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

Басқармамен барлығы 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2017 жылдың I-тоқсанына жалпы 28 қызмет көрсетілді, оның ішінде 15 – жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, 1 – елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, 1 – іздестіру жұмыстарын жүргізу  үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, 11- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша.

Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қабылданған заң жобасын түсіндіру бойынша атқарылған шаралар

2017 жылдың 20 ақпанында басқарма басшысының орынбасары Қ.Нұрманов Шиелі және Жаңақорған аудандарында, 22-27 ақпан аралығында басқарма басшысы Ш.Қойшыбаев Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Арал, Қазалы аудандары және Қызылорда қаласында «Қызылорда облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы» мәселені кезекті сессиясына әзірлеу бойынша құрылған уақытша комиссияның өкілдерімен қабылданған заң жобасы жөнінде шаруашылық басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне түсіндірме берді.

2017 жылдың 9 наурыз күні Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, Қызылорда облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Нұрымбетов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Жаханов «Қоғам ТВ» телеарнасының «Көзбе-көз» бағдарламасында сұхбат берді.

ҚР Жер заңнамасына еңгізілген өзгерістер мен толықтыруларға

байланысты халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу:

«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тек жеке меншік құқығымен табысталатыны белгіленген болатын.

2016 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің №248 Жарлығымен аталған Заңның нормаларын қолдануға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатуға және өзге де нормаларға уақытша мораторий жарияланды.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың  мамыр айынан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион/конкурстарға шығару уақытша тоқтатылған болатын, 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап заң қабылданып айналымға алу жұмыстары қайта жалғасын тапты. 

Облыс әкімдігі мен облыстық прокуратураның бірлескен алқа отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласына қарасты кенттер мен ауылдық округтерде  қабылдаған шешімдерінің заңдылығын, келіп түскен өтінімдердің қаралу мерзімдерінің, кезектіліктің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында зерделеу, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Бекітілген «Жерді пайдалануға байланысты енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарға» сәйкес жер саласындағы реформаларды кеңінен түсіндіру мақсатында тиісті шаралар атқарылды.

Басқарма тарапынан жер реформасына байланысты спикерлер пулы жасақталды, спикерлердің мақалалары мен сұхбаттары БАҚ-да ұдайы жарықтандырылды.

2016 жылдың 26 сәуір күні «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексіне енгізілген түзетулер бойынша БАҚ өкілдеріне басқарма басшысы Ш.Қойшыбаевпен брифинг өткізілді.

2016 жылдың 27 сәуір күні «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфиріндегі «Өзекжарды» бағдарламасында сұхбат берілді.

Дәл осындай сұхбат 2016 жылдың 4 мамырында «Қоғам ТВ» телеарнасының тікелей эфиріндегі «Мезгіл мәселесі» бағдарламасында өткізілді.

Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды сенаторлармен бірге аймақтарда түсіндіру мен насихаттау мақсатында 2016 жылдың 4-5 мамыр аралығында Қармақшы ауданының Ақтөбе, Жаңажол ауылдық округтеріне, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында халықпен кездесулер ұйымдастырылды.

2016 жылдың 10 мамырында облыс әкімі Қ.Көшербаевпен бекітілген «Қызылорда облысында Жер заңнамасын түсіндіру бойынша ақпараттық топ мүшелерінің кездесу желілік Кестесіне» сәйкес басқарма басшысымен  Қазалы, Арал аудандарының, Жосалы кентінің, Байқоныр қаласының тұрғындарымен және «Айдан Мұнай» компаниясының ұжымымен кездесу өткізілді.

Түсіндіру шараларын жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап 29 қыркүйегіне дейін облысымызда «Жер реформасы мәселелері бойынша Call- орталығы» жұмыс жасады.

Басқарма тарапынан жыл басынан бері Жер заңнамасы шеңберінде 12 - сюжет, 2- бағдарлама, 26-мақала жарық көрді, оқу орындарының ұжымдары және студенттерімен -12 кездесу, аудан (қала) тұрғындары және еңбек коллективтерімен – 20 кездесулер ұйымдастырылды.

Басқарманың ұйымдастыруымен 2016 жылдың қаңтар айында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асыру шеңберінде өткізілген семинарға сол кездегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің басқарма басшысы А.Самамбетов шақыртылып, Жер кодексіне енгізіліп отырған жаңа нормаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік дәрісі жасалды.

Осы тектес шара 2016 жылдың 11 сәуірінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жер ресурстары мен геодезия департаментімен бірлесе отырып өткізіліп, жер заңнамасын кеңінен түсіндіру бойынша жұмыстар жасалды.

Кездесуге шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар басшылары,  қоғам қайраткерлері, жер пайдаланушылар өкілдері, аудан (қала)  әкімінің орынбасарлары, аудандық (қалалық)  жер бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, облыстық мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жалпы барлығы 180-ге жуық қатысушылар қатысты.

Кездесу нәтижесі БАҚ-да кеңінен жарияланды.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2016 жылы атқарылған жұмыстардың есебі

Облыстың жер қорының санаттар бойынша бөлінуі:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 2456,7 мың га;
  • елді мекен жерлері – 658,3 мың га;
  • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 173,3 мың га;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 161,0 мың га;
  •  орман қорының жерi - 6506,7 мың га;
  • су қорының жерi – 2239,7 мың га;
  • босалқы жер – 11845,7 мың га.

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2016 жылы жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 47 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 52 қаулысы қабылданып, жалпы көлемі 3061743 гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы барлығы 186 шарттар жасалды.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша

2012-2015 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 293,5 мың гектарды құрайтын 1130 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде: 2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар), 2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар), 2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар), 2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі айналымға алынды.

2016 жылға жалпы көлемі 79,0 мың гектарды құрайтын 451 жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 79,7 мың гектар болатын 364  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар (884 учаске) анықталды, оның 271,7 мың гектар (678 учаске) мемлекетке қайтарылды, 31,8 мың гектар (181 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар (25 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың гектар (505 учаске) жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га. жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 93,1 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 31,8 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар бойынша жер иелерінен заңдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қызылорда облыстық мәслихатының 7 сессиясында «Қызылорда қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы» шешім қабылданды.

«Қызылорда қаласы жерлерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының шешімін қабылдаудағы басты мақсат – Қызылорда қаласының өзгертілген шекарасының шегіндегі бағалау аймақтарының шекаралары мен жер учаскелерін жеке меншікке табыстау кезінде қолданылатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін қайта белгілеу, осы арқылы мемлекеттік меншіктен сатылып берілетін жер учаскелерінің кадастрлық құнының мөлшерлерін олардың нақты нарықтық құнына неғұрлым сәйкестендіру.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 108734 құрайды, оның 26958 өтініші қанағаттандырылды, қалған 81776 (Арал 3916, Қазалы 5853, Қармақшы 5707, Жалағаш 2017, Сырдария 590, Шиелі 7097, Жаңақорған 2887, Қызылорда қ. 53709) өтініш арнайы кезекке қойылған.

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласында тұрғын үйге жер телімін беру мәселесін шешу бойынша жұмыстар жасалуда.

Осы мәселелерді шешу үшін Қызылорда қаласында 980 гектар жерге түбегейлі жерге орналастыру жобасы дайындалып, республикалық бюджеттен оның инфрақұрылымын (электр жарығы,жол, канализация) дамытуға 9,9 млрд қаражат бөлінді.

Сегізжүзбас өңірінен алаң дайындалып, 2016 жылдың 24 маусымынан бастап 2005  жылдың арызы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері табысталуда.

Осы тектес шаралар Кызылорда облысының аудандарында жүргізіліп жатыр.

Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

Басқармамен барлығы 8 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2016 жылы жалпы 68 қызмет көрсетілді, оның ішінде 57 – жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, 2 – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, 4 – елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, 4 – іздестіру жұмыстарын жүргізу  үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, 1- мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту бойынша.

Ресей Федерациясының жал құрамынан шығарылатын жерлер туралы

Бүгінгі күні, қайтаруға келісіліп отырған жалпы көлемі 11,6 мың гектар, Төретам кентіне 1,7 мың гектар, «Батыс  Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойынан кәсіпкерлікті дамытуға, Алматы-Мәскеу темір жолына  – 9,9 мың гектар.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 8 шілдесінде Мәскеу қаласында «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының кезекті 4-отырысында қосымша 3309 га жерді қайтару мәселесі келісілуде.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2016 жылдың III-тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Қызылорда облыстық мәслихатының 7 сессиясында: «Қызылорда қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы» шешім қабылданды.

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2016 жылдың III-тоқсанында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 43 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 36 қаулысы қабылданып жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (мұнай ұңғымасы, карьерлер, магистральды құбырлар құрылысы үшін) жалпы көлемі 207466,1677 гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы заңды тұлғалармен барлығы 141 шарттар жасалып, көлемі 207466,1677 гектар жер учаскелері рәсімделді.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша.

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 97998 құрайды, оның 22024 өтініші қанағаттандырылды, қалған 75974 (Арал 3737, Қазалы 5696, Қармақшы 5323, Жалағаш 1879, Сырдария 590, Шиелі 6966, Жаңақорған 2533, Қызылорда қ. 49250) өтініш арнайы кезекке қойылған.

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласында тұрғын үйге жер телімін алуға кезектілік өзекті мәселе. Кезектілікте 49250 адам тіркелген.

Осы мәселелерді шешуде Қызылорда қаласы 980 гектар жерге түбегейлі жерге орналастыру жобасын дайындап, республикалық бюджеттен оның инфрақұрылымын (электр жарығы,жол, газ, канализация) дамытуға 9,9 млрд қаражат бөлінді.

Сегізжүзбас өңірінен 6600 алаң дайындалып, ағымдағы жылдың 24 маусымынан бастап 2005-ші жылдың арызы бойынша тұрғын үй құрылыс үшін жер учаскелері табысталуда.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша.

2012-2015 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 293,5 мың гектарды құрайтын 1130 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде: 2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар), 2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар), 2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар), 2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі айналымға алынды.

2015 жылдың жер есебіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 2439,7 мың гектарды құрап отыр. 

2016 жылға жалпы көлемі 72,0 мың гектарды құрайтын 451 жер учаскесін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 24,2 мың гектар болатын 113  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді (жоспар 33,6 пайызға орындалып отыр).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар болатын 884 жер учаскесі анықталды, оның 271,7 мың гектар болатын 678 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, 31,8 мың гектар (181 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар (25 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жүмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың га жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 93,1 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 31,8 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар жер иелеріне заңдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2016 жылдың II-тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

Қызылорда облысының жер қоры 24 млн. гектар, оның ішінде 2,2 млн. гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған.

Оның ішінде егістік жерлер - 160,9 мың гектар, көп жылдық екпелер - 2,6 мың гектар, тыңайған жерлер  - 60 мың гектар, шабындық жерлер - 106,8 мың гектар, жайылымдар  - 11 млн. 811 мың гектар, бақшалық жерлер  - 15,0 мың гектар, басқада жерлер  - 11 млн. 884 мың гектар.

Облыс аумағының 771  мың гектар жерін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда. Облыстың әкімшілік аумағы 226,0 мың шаршы шақырым.

Осы жер ішінде жер иеленушілерге табысталып, ауыл шаруашылығында пайдаланылып отырғаны – 2 млн. 439 мың гектар (жалпы жер қорының 10,2 пайызы) оның, 1 млн. 697 мың гектары жайылымдық (жалпы жер қорындағы жайылымдықтың 14,4 пайызы).

Жер пайдаланушылардың саны  - 3793, оның ішінде 3548-і шаруа қожалығы, 245-і заңды тұлғалар.

Облыстың жер қорының санаттар бойынша бөлінуі:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 2439,1 мың га;
  • елді мекен жерлері – 684,0 мың га;
  • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 162,4 мың га;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 161,0 мың га;
  • орман қорының жерi - 6502,5 мың га;
  • су қорының жерi – 2239,9 мың га;
  • босалқы жер – 11852,5 мың га.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша.

2012-2015 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 293,5 мың гектарды құрайтын 1130 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде: 2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар), 2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар), 2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар), 2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі айналымға алынды.

2015 жылдың жер есебіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 2439,7 мың гектарды құрап отыр. 

2016 жылға жалпы көлемі 72,0 мың гектарды құрайтын 451 жер учаскесін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 24,2 мың гектар болатын 113  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді (жоспар 33,6 пайызға орындалып отыр).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар болатын 884 жер учаскесі анықталды, оның 271,7 мың гектар болатын 678 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, 31,8 мың гектар (181 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар (25 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың га жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 93,1 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 31,8 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар жер иелеріне заңдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстар жүргізілуде.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша.

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 97998 құрайды, оның 22024 өтініші қанағаттандырылды, қалған 75974 (Арал 3737, Қазалы 5696, Қармақшы 5323, Жалағаш 1879, Сырдария 590, Шиелі 6966, Жаңақорған 2533, Қызылорда қ. 49250) өтініш арнайы кезекке қойылған.

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласында тұрғын үйге жер телімін алуға кезектілік өзекті мәселе. Кезектілікте 49250 адам тіркелген.

Осы мәселелерді шешуде Қызылорда қаласы 980 гектар жерге түбегейлі жерге орналастыру жобасын дайындап, республикалық бюджеттен оның инфрақұрылымын (электр жарығы,жол, газ, канализация) дамытуға 9,9 млрд қаражат бөлінді.

Сегізжүзбас өңірінен 6600 алаң дайындалып, ағымдағы жылдың 24 маусымынан бастап 2005-ші жылдың арызы бойынша тұрғын үй құрылыс үшін жер учаскелері табысталуда.

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2016 жылдың II-тоқсанында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 36 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 16 қаулысы қабылданып жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (мұнай ұңғымасы, карьерлер, магистральды құбырлар құрылысы үшін) жалпы көлемі 9329,5044 гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы заңды тұлғалармен барлығы 64 шарттар жасалып, көлемі 9329,5044 гектар жер учаскелері рәсімделді.

Қызылорда қаласының шекарасын өзгерту мәселесі

Бас жоспарға сәйкес Қызылорда қаласының шекараларын анықтау және бекіту жұмыстары жоба дайындалып, жоба ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы №907 қаулысымен келісіліп, Қызылорда облысы әкімдігінің 18.03.2015 жылғы №880 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 18.03.2015 жылы №265 шешімімен бекітілді.

Қызылорда қаласының шекарасы соңғы 35 жыл ішінде алғаш рет өзгертіліп 6644 гектардан 6955 мың гектарға екі есе ұлғайтылып, 13599 мың гектарды құрады.

Облыс бойынша жер иеленушілерге табысталып, ауыл шаруашылығында пайдаланылып отырғаны – 2439 мың гектар (жалпы жер қорының 10,2 пайызы).

Жер пайдаланушылардың саны 3793, оның ішінде 3548 шаруа қожалығы, 245-і заңды тұлғалар.

Қызылорда облысы бойынша.

2016 жылдың 1 қаңтарына облыстағы 4923 учаскенің 1884-ның паспорттары жасалған.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасында

2016 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

Қызылода облысының жер қоры 24 млн. гектар, оның ішінде 2,2 млн. гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған.

Оның ішінде егістік жерлер - 160,9 мың гектар, көп жылдық екпелер - 2,6 мың гектар, тыңайған жерлер  - 60 мың гектар, шабындық жерлер - 106,8 мың гектар, жайылымдар  - 11 млн. 811 мың гектар, бақшалық жерлер  - 15,0 мың гектар, басқада жерлер  - 11 млн. 884 мың гектар.

Облыс аумағының 771  мың гектар жерін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда. Облыстың әкімшілік аумағы 226,0 мың шаршы шақырым.

Осы жер ішінде жер иеленушілерге табысталып, ауыл шаруашылығында пайдаланылып отырғаны – 2 млн. 439 мың гектар (жалпы жер қорының 10,2 пайызы) оның, 1 млн. 697 мың гектары жайылымдық (жалпы жер қорындағы жайылымдықтың 14,4 пайызы).

Жер пайдаланушылардың саны  - 3793, оның ішінде 3548-і шаруа қожалығы, 245-і заңды тұлғалар.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша.

2012-2015 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 293,5 мың гектарды құрайтын 1130 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде: 2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар), 2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар), 2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар), 2015 жылы – 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі айналымға алынды.

2015 жылдың жер есебіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 2439,7 мың гектарды құрап отыр. 

Айналымға алу шараларын тұрақты жүргізу мақсатында 2016 жылға сауда-саттықтар жүргізудің тоқсандық жоспары бекітіліп, жыл соңына дейін 72 мың гектар болатын 451 жер учаскесін айналымға енгізу жоспарланды.

Нәтижесінде жыл басынан бері сауда-саттық арқылы 18,3 мың гектар болатын 88 жер учаскесі табысталып, айналымға қосылды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар болатын 884 жер учаскесі анықталды, оның 274,8 мың гектар болатын 678 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, 28,7 мың гектар (181 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар (25 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жүмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың га жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 96,2 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 28,7 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, қалған 7,7 мың гектар жер иелеріне заңдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2016 жылдың I-тоқсанында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы –16 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 9 қаулысы қабылданып жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (мұнай ұңғымасы, карьерлер, магистральды құбырлар құрылысы үшін) жалпы көлемі 521,3 гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы заңды тұлғалармен барлығы 7 шарттар жасалып, көлемі 521,3 гектар жер учаскелері рәсімделді.

Қызылорда қаласының шекарасын өзгерту мәселесі

Бас жоспарға сәйкес Қызылорда қаласының шекараларын анықтау және бекіту жұмыстары жоба дайындалып, жоба ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы №907 қаулысымен келісіліп, Қызылорда облысы әкімдігінің 18.03.2015 жылғы №880 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 18.03.2015 жылы №265 шешімімен бекітілді.

Қызылорда қаласының шекарасы соңғы 35 жыл ішінде алғаш рет өзгертіліп 6644 гектардан 6955 мың гектарға екі есе ұлғайтылып, 13599 мың гектарды құрады.

Орман қоры санатындағы жерлерді елді мекен жерлері санатына ауыстыру шаралары.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы жерлерді орман қорының жерлері санатынан елді мекендердің жерлері санатына ауыстыру бойынша жоба әзірленді.

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында ҚР Үкіметінің «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін елді мекендер жері санатына ауыстыру туралы» қаулысы қабылданды.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының

2015 жылдың қорытынды есебі

Қызылода облысының жер қоры 24 млн. гектар, оның ішінде 2,2 млн. гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған.

Оның ішінде егістік жерлер 160,9 мың гектар, көп жылдық екпелер 2,6 мың гектар, тыңайған жерлер 60 мың гектар, шабындық жерлер 106,8 мың гектар, жайылымдар 11 млн. 811 мың гектар, бақшалық жерлер 15,0 мың гектар, басқада жерлер 11 млн. 884 мың гектар.

Облыс аумағының 771  мың гектар жерін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда. Облыстың әкімшілік аумағы 226,0 мың шаршы шақырым.

Осы жер ішінде жер иеленушілерге табысталып, ауыл шаруашылығында пайдаланылып отырғаны – 2 млн. 439 мың гектар (жалпы жер қорының 10,2 пайызы) оның, 1 млн. 697 мың гектары жайылымдық (жалпы жер қорындағы жайылымдықтың 14,4 пайызы).

Жер пайдаланушылардың саны 3793, оның ішінде 3548 шаруа қожалығы, 245-і заңды тұлғалар.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша.

2012-2014 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 199,7 мың гектарды құрайтын 822 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде: 2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар), 2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар), 2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар) айналымға алынды.

2015 жылға жалпы көлемі 79,2 мың гектарды құрайтын 430 жер учаскесін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 93,8 мың гектар болатын 308  жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді(жоспар 118 пайызға орындалып отыр).

2015 жылдың жер есебіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 2439,7 мың гектарды құрап отыр. 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шаралары

2011-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мың гектар болатын 884 жер учаскесі анықталды, оның 258,2 мың гектар болатын 678 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, 19,9 мың гектар (104 учаске) жерлердің иелері қайта пайдалануға кіріскен, қалған 33,1 мың гектар (102 учаске) жерлерге мемлекетке қайтару жүмыстары жүргізілуде.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың га жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га жерлер қамтылды.

2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га) аудандары.

2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га) аудандары.

2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) аудандары және Қызылорда қаласы (40,0 мың га) жерлері қамтылды.

Соңғы үш жыл түгендеу нәтижесінде, 132,6 мың гектар жер пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Оның 79,6 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды

(60,0 пайызы), 19,9 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, қалған 33,1 мың гектар жер иелеріне заңдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2015 жылы жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 149 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 34 қаулысы қабылданып жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (мұнай ұңғымасы, карьерлер, магистральды құбырлар құрылысы үшін) жалпы көлемі 12892,8 гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді. Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы заңды тұлғалармен барлығы 509 шарттар жасалып, көлемі 12892,8  гектар жер учаскелері рәсімделді.

Облыста елді мекендерді газдандыруда жер телімдерін табыстау мәселесі.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на облыстың 4 ауданынан (Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі аудандары) магистралды газ құбырының инфрақұрылым нысандары үшін жалпы көлемі 167,9 гектар жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы табысталды.

Қызылорда қаласының шекарасын өзгерту мәселесі

Бас жоспарға сәйкес Қызылорда қаласының шекараларын анықтау және бекіту жұмыстары жоба дайындалып, жоба ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы №907 қаулысымен келісіліп, Қызылорда облысы әкімдігінің 18.03.2015 жылғы №880 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 18.03.2015 жылы №265 шешімімен бекітілді.

Бекітілген шешім Қызылорда облысының әділет департаментінде 13.04.2015 жылы тіркеліп, баспасөз беттерінде жарияланды.

Қызылорда қаласының шекарасы соңғы 35 жыл ішінде алғаш рет өзгертіліп 6644 гектардан 6955 мың гектарға екі есе ұлғайтылып, 13599 мың гектарды құрады.

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша.

Бүгінгі күнге, облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген өтініштердің саны 92890 құрайды, оның 21754 өтініші қанағаттандырылды, қалған 71136 (Арал 3607, Қазалы 5487, Қармақшы 5155, Жалағаш 1698, Сырдария 590, Шиелі 6149, Жаңақорған 1619, Қызылорда қ. 46831) өтініш арнайы кезекке қойылған.

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласында тұрғын үйге жер телімін алуға кезектілік өзекті мәселе. Кезектілікте 46831 адам тіркелген.

Жеке тұрғын үй құрылысына алаңдарды дайындауға қомақты қаржы қажет.

Осы мәселелерді шешуде Қызылорда қаласы 980 гектар жерге түбегейлі жерге орналастыру жобасын дайындап, республикалық бюджеттен оның инфрақұрылымын (электр жарығы,жол, газ, канализация) дамытуға қажетті қаржы алуға жұмыс жасауда.

Қала маңында орналасқан «Сабалақ» және «Арай» саяжайларында түгендеу жұмыстары бойынша

Қызылорда қаласының дамуына байланысты, қала орталығында орналасқан Арай, Сабалақ саяжайларының келешек даму жағдайын айқындау үшін, қаланың бас жоспарын негізге ала отырып түгендеу шараларын жүргізугеде.

«Сабалақ» өңірінде орналасқан 8 бау-бақша серіктестіктерді түгендеу үшін 5,0 миллион теңге бөлініп, бұл жұмыстарды Жер ҒӨО РМК Қызылорда филиалы жүргізіп, аяқтады.

Осыған орай, тиісті тапсырма беріліп, қалалық бюджеттен 39 млн. теңге қаржы бөлініп Қызылорда қаласы маңы аймағының Концепциясы жасалуда.

Орман қоры санатындағы жерлерді елді мекен жерлері санатына ауыстыру шаралары.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы жерлерді орман қорының жерлері санатынан елді мекендердің жерлері санатына ауыстыру бойынша жоба әзірленді.

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында ҚР Үкіметінің «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін елді мекендер жері санатына ауыстыру туралы» қаулысы қабылданды.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының

2015 жылдың III-тоқсанында атқарған жұмысы туралы есебі

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша.

2012-2014 жылдары мемлекеттің босалқы жерлерінен жалпы көлемі 199,7 мың гектарды құрайтын 822 жер учаскелері сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылды.

Оның ішінде: 2012 жылы - 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 38,6 мың гектар), 2013 жылы - 37,6 мың гектар болатын 262 жер учаскесі (сауда-саттықтар арқылы – 36,9 мың гектар), 2014 жылы - 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері (сауда-саттықтар арқылы – 63,5 мың гектар) айналымға алынды.

2015 жылға жалпы көлемі 65,9 мың гектарды құрайтын 430 жер учаскесін ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 66,3 мың гектар болатын 289 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Есепті кезеңде облыстағы ауыл шаруашылығы айналымына алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі – 2439,7 мың гектарды құрап отыр. 

Орман қоры санатындағы жерлерді елді мекен жерлері санатына ауыстыру шаралары

Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы орман қорының жерлері санатынан елді мекендердің жерлері санатына ауыстыру бойынша жоба әзірленді.

Қазіргі таңда, ҚР Үкіметінің №1015 1.08.2015ж. қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес құжаттар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен тиісті келісімдер алынып, облыс әкімдігімен ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ҚР Үкіметі қаулысы жобасын дайындау үшін жолданып, қаулы бойынша тиісті министрліктерден келісім алынуда.

Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

2015 жылдың 9 айында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 113 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

Бекітілген жобалар негізінде облыс әкімдігінің 14 қаулысы қабылданып жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (мұнай ұңғымасы, карьерлер, магистральды құбырлар құрылысы үшін) жалпы көлемі 8932,6 гектарды құрайтын жер учаскелері мүдделі тұлғалардың пайдаланымына берілді.

Сондай-ақ, басқармамен өз құзыреті шегінде жер учаскелерін жалға беру туралы заңды тұлғалармен барлығы 295 шарттар жасалып, көлемі 8932,6 гектар жер учаскелері рәсімделді.

Облыста елді мекендерді газдандыруда жер телімдерін табыстау мәселесі.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на облыстың 4 ауданынан магистралды газ құбырының инфрақұрылым нысандары үшін жалпы көлемі 167,9 гектар жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы табысталды.

Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы шығасын өндіруге байланысты

2014 жыл бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен табысталған жалпы көлемі 3827,9 гектар жер учаскелеріне есептелген ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыларының өтелетін жалпы сомасы 84 млн. 494 мың теңгені құрап, барлығы тиісті заңнамаға сәйкес бюджетке төленді.

2015 жылдың қазан айына дейін табысталған 8932,6 гектар жер учаскелеріне есептелген ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн шығасыларының өтелетін жалпы сомасы  7 млн. 542 мың теңгені құрап, оның 1 млн. 811 мың теңгесі бюджетке төленді, ал қалған төленуі тиіс 5 млн. 731 мың теңге қолданыстағы ҚР жер кодексінің талаптарына сәйкес мерзімі бар (ҚР Жер кодексіне сәйкес шығасылар шешім қабылданғаннан кейін алты ай мерзімде өтелуі тиіс).

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының  2015 жылдың I-жартыжылдығында

атқарған жұмысы туралы есептемесі

Түгендеу жұмыстары облыстың барлық аудандары және Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы жерлерінде жүргізілді.

Пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлеріне жасалынған бірінші түгендеу қорытындысы бойынша 2011 жылы облыс бойынша пайдаланылмай отырған 178,6 мың га жер анықталып, толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Екінші түгендеу 2012-2014 жылдары барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне 3 жыл мерзімде жүргізіліп, 1910,8 мың га жерлер қамтылды. 2012 жылы – Қармақшы (243,9 мың га), Жалағаш (260,8 мың га), Сырдария (156,3 мың га). 2013 жылы – Арал (467,1 мың га), Шиелі (188,1 мың га). 2014 жылы – Жаңақорған (316,9 мың га), Қазалы (237,0 мың га) және Қызылорда қаласы (40,0 мың га).

Жалпы екі түгендеу жұмыстарының нәтижесімен облыста 311,2 мың гектар пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер анықталды. Оның 217,7 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, 2,9 мың гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кірісті, қалған жер учаскелері бойынша жер пайдаланушыларға жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану қажеттігі туралы ескертулер берілді.

Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша.

Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекетке қайтарылған жерлер 2012-2014 жылдары мемлекеттік бағдарлама және сауда-саттық (аукцион, конкурстар) арқылы 199,8 мың гектарды құрайтын 822 жер учаскелері қайта айналымға енгізілді. 2012 жылы 41,6 мың гектар болатын 233 жер учаскелері, 2013 жылы 37,7 мың гектар болатын 262 жер учаскелері, 2014 жылы 120,5 мың гектар болатын 327 жер учаскелері.

Айналымға    алу шараларын тұрақты жүргізу мақсатында 2015 жылға сауда-саттықтар жүргізудің тоқсандық жоспары бекітіліп, жыл соңына дейін 65,9 мың гектар болатын 430 жер учаскесін айналымға енгізу жоспарланды. Нәтижесінде жыл басынан бері сауда-саттық арқылы  33,4 мың гектар болатын 239 жер учаскесі табысталып, айналымға қосылды

Бекітілген бас жоспарға сәйкес аудан орталықтарының  (Қазалы қаласы және Әйтеке би, Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған кенттері) шекараларын белгілеуге 17953,2 мың теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілді.

«Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) өзгерту» бойынша жоба облыстық өкілді және атқарушы органның бірлескен шешімімен мақұлданып, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының шекарасын (шегін) өзгертуге келісім беру туралы» №907 қаулысы қабылданды. Осыдан соң заңнамалар аясында «Қызылорда қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты мен облыс әкімдігінің 18.03.2015 жылғы №265/880 бірлескен шешімі қабылданып, шешім Әділет органдарында тіркелді.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 04-06-2018 19:35

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика