Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ЕЛТАҢБАҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ
2019 жылдан бастап облыстағы мемлекеттік мекемелер жаңа Елтаңбаны орнататын болады. Ұлттық рәміздегі «Қазақстан» жазуы латынша таңбаланады. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздегі түстер қанық реңмен боялады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов мәлімдеді.
- Осы жылдың қараша айынан бастап «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Осылайша, ел атауының жазылуы латын қарпіне ауыстырылды. Қазір елдегі арнайы зауыттар жаңартылған нұсқаны дайындап жатыр. Алайда, қазіргі таңда қолданып жүрген Елтаңбаны пайдалануға шектеу жоқ. Тек 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық мекемелерде Елтаңба жаңа нұсқаға ауысуы тиіс, - деді Талғат Маханов.
Жаңа қолданысқа енгізілгелі отырған Елтаңбаның техникалық ерекшеліктерінде аздаған өзгерістер орын алмақ. Бұл жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Серік Қасымов БАҚ өкілдеріне түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, стандарттың барлық мәтіні бойынша және А – З-ға дейінгі қосымшаларындағы кириллицада жазылған «ҚАЗАҚСТАН» сөзі латын графикасында жазылған «QAZAQSTAN» сөзімен ауыстырылады.
«Түс шақтамасының түстік ауқымы мынадай шекте болуға тиіс: ΔE (дельта Е) 8 бірліктер». Яғни Елтаңбадағы түстер қанығырақ бояумен боялатын болады. Қазіргі таңда өзгерістерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, жұмыс тобын ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков басқаруда. Жаңа жоба бойынша Елтаңба әзірлеуде «Мекен KZ» ЖШС, «Industrial Company Zoom» ЖШС, «Символика» ЖШС, «Алматыгороформление» ЖАҚ, «Ақ бастау KZ» ЖШС, ЖК «Ж.С. Тынымбаев», ЖК «Баубеков» және мемлекеттік органдар жұмыс жасауда.
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика